Жаңа жолдау-жаңа мүмкіндіктер!

15.10.2018

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде 12 қазан ВТР-1-18 және УМ-1-18 топтарында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерді Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 5 қазандағы жолдаудағы Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты белгілеген міндеттерімен таныстыру.

Тәрбие сағатын жүргізген Гүлмарал Атымтайқызы: «Жыл сайынғы Елбасымыздың Жолдаулары өзіндік ерекшеліктерімен көрініс табады. Бұл жолғы тарихи құжат еліміздің бай және бақуатты өмір сүруі, еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұратын жасап көрсетті. Мінеки, осы ел дамуындағы аса маңызды құжаттың құндылығын, мән-мазмұнын терең талдап, жан-жақты түсіндіру мақсатында бүгінгі тәрбие сағатына ВТР-1-18 және УМ-1-18 топтарының студенттері қатысып отырсыздар» — деді.

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының өзектi мәселелерiне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрi арттыру жөнiндегi мiндеттерге арналған. Н. Назарбаев сау ұлт-мемлекеттiң басымдығы өте айтарлықтай екенін атап өттi. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты. Осы орайда студенттермен жолдаудың келесі бағытары талданды: халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы. Студенттердің жолдау бағыттары мен міндеттері бойынша жеке пікірлері тыңдалды:

Тәрбие сағаты елбасымыздың: «Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда. Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!» деген сөздермен тамамдалды.

Жанбекова А.Е., Иманбек Г.А.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст